Журнал 2009 жылдан бастап шығады. Бастапқыда журнал «Ақмешіт хабаршысы» деп аталды.Бұқаралық ақпарат құралын тіркеу туралы №10242- Ж куәлік берілген. 2022 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты «Қызылорда технология және қызмет институты» білім беру мекемесі болып өзгертілді. Ал 2023 жылдың 10 ақпанынан бастап «Қызылорда технология және қызмет институты» білім беру мекемесі «Қызылорда ашық университеті» білім беру мекемесі болып өзгертілді және 06 маусым 2023 жылы қайта тіркеу арқылы журналдың атауы «Қызылорла ашық университетінің Хабаршысы» болып өзгертілді. (Тіркеу номері KZ26VPY00037572)
Журналдың басты мақсаты - ғылыми және ғылыми-техникалық бағыттағы түпнұсқа мақалаларды жариялау, ғылыми қоғамға, ғылыми-өндірістік кәсіпорындарға, бизнес-құрылымдардың өкілдеріне, сондай-ақ жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттарына озық технологиялар саласындағы негізгі проблемалар бойынша ғылыми зерттеулер мен қолданбалы әзірлемелердің нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беру
Журналдың міндеттері:
• ғалымдарға ғылыми және ғылыми-техникалық бағыттар бойынша өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялауға мүмкіндік беруде;
• журналдың ғылыми жарияланымдарының халықаралық деңгейіне қол жеткізу;
• ғылыми, педагогикалық және іскер жұртшылықтың назарын оқу-әдістемелік, қоғамдық, әлеуметтік және ғылыми зерттеулердің неғұрлым өзекті және перспективалы бағыттарына аудару;
• журналға жоғары деңгейдегі мамандар болып табылатын беделді отандық және шетелдік авторларды тарту.
Журналдың негізгі тақырыптық бағыты
Оқу-әдістемелік, қоғамдық, әлеуметтік және ғылыми мақалалар жариялау
Журналдың аудиториясы журналдың тақырыптық бағыты бойынша өзекті мәселелер кешеніне қызығушылық танытатын ғалымдарды, оқытушыларды, докторанттарды, магистранттарды, студенттерді және кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандарын, сараптамалық қоғамдастық өкілдерін қамтиды.
Журналды шығару жиілігі –жылына 4 рет.
Журналдың таралу аумағы – Қазақстан Республикасы және жақын шет елдері. Шеңберінде телекоммуникациялық жүйелер (виртуалды) – шектеусіз.
Журналға жарияланымдарды ұсыну тілдері – қазақ, орыс.
Еркін қол жеткізу саясаты
Журнал келесі принципке сүйене отырып, оның мазмұнына тікелей ашық қол жетімділікті қамтамасыз етеді: зерттеу нәтижелеріне еркін ашық қол жетімділік жаһандық білім алмасудың артуына ықпал етеді.